Ақтөбе мен Орал тұрғындарына тұмшаға байланысты ескерту жасалды

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2026 10:14 Фото: unsplash
Синоптиктер 2026 жылғы 2 мамырда екі қала тұрғындарын ауа сапасының нашарлауына байланысты ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" болжамынша, 2 мамырда Ақтөбе және Орал қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Мұндай жағдайда қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автожолдардың немесе басқа да ластану көздерінің маңында азырақ жүргені жөн. Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары сырқаттары мен аллергиясы бар адамдар сыртқа шыққанда өздерімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүруге тиіс.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: