Алматы облысында бір тәулікте 1500-ге жуық құқық бұзушылық анықталды

Алматы облыстық ПД
213 тұлға қоғамдық орында масаң күйде жүргені немесе ішімдік ішкені үшін жауапкершілікке тартылған.

Алматы облысында тәртіп сақшылары "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасының алғашқы күні 1438 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 213 тұлға қоғамдық орында масаң күйде жүргені немесе ішімдік ішкені үшін жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара барысында жүргізілген арнайы рейдтер барысында кәмілеттік жасқа толмаған 97 жасөспірімнің үйінен тыс жерлерде, көңіл көтеру орындарында жүргені анықталды.

"Құқықтық тәртіп"» іс-шарасы барысында жол қозғалысының да қауіпсіздігіне назар күшейтілді. Бір күн ішінде жол сақшылары жылдамдық режимін бұзған жетпістен астам жүргізушіні жауапкершілікке тартты. Көлігін алкогольдік мас күйде тізгіндеген 19 автокөлік иесін сот шешімімен жүргізуші куәлігінен айыру шаралары қабылдануда", - деп атап өтті облыстық Полиция департаментінің өкілі Серік Үпиев.

Өз кезегінде, полиция қызметкерлері жолдағы көлік апаттарының алдын алу мақсатында түрлі шаралардың үнемі өткізілетінін атап өтті. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтамауының салдарынан шілде айында облыс аумағында 95 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 43 адам қаза болды. 140 астам адам әртүрлі дене жарақатын алған.

Облыстық полицейлер аталған шараның бір апта өтетінін айтып, облыс тұрғындарын қолданыстағы заңнама талаптарын мүлтіксіз орындауға шақырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды