Өзбекстандағы жол апатынан үш қазақстандық қаза тапты

24.kz
Апат кезінде жеңіл автокөліктің ішінде жеті адам болған. Аман қалған үш жолаушы қазір ауруханада.

Өзбекстанның Науаи облысында болған жол-көлік апаты салдарынан 3 қазақстандық қаза тапты. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің өкілдері мәлімдеді.

Қайғылы жағдай жеңіл көлік пен жүк көлігінің соқтығысу салдарынан болды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Апат кезінде жеңіл автокөліктің ішінде жеті адам болған. Аман қалған үш жолаушы қазір ауруханада. Олардың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Айбек Смадияров, ҚР СІМ баспасөз хатшысы:

- Үшінші тамыз күні Өзбекстанның Науаи облысында Daewoo Nexia жеңіл автокөлігі Isuzu жүк көлігімен соқтығысып, салдарынан үш Қазақстанның азаматы қайтыс болды. Бізде қолда бар ақпаратқа сәйкес қаза тапқандар мен зардап шеккендер Өзбекстан тумалары. Сондықтан туыстары қаза тапқандарды сол жерде жерлеу туралы шешім қабылдады. Қайтыс болғандардың ішінде1952, 2013 және 2016 жылғы азаматтар бар.

Өкінішке қарай, бүгін Өзбекстан аумағында тағы бір жол апаты болды. Алматыдан Өзбекстанға шыққан жолаушылар автобусы аударылып, салдарынан 1 адам қаза тапты. 10 адам ауруханаға түскен. Сыртқы істер министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, зардап шеккендердің алтауы Қазақстанның азаматы. Олардың жағдайы орташа деп бағалануда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды