Меккеге қажылыққа барған Қазақстан азаматы жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Меккеге қажылыққа атанғандарға медициналық миссияның ілестірудің арқасында жол апатына ұшыраған қазақстандыққа дер кезінде жедел жәрдем көмегі көрсетілді. Ол дер уақытында ауруханаға жеткізіліп, оған ем-шаралары қолданылды. Жол апатына түскен қазақстандыққа жеңіл дәрежедегі бас-ми және дене жарақаттары деген диагноз қойылған. Қазір науқастың жағдайы тұрақты" - дейді ҚМДБ-дағылар.
Айта кетсек, биыл Меккеге Қазақстаннан 3200 адам қажылыққа барған. Оларға дәрігерлік көмек көрсету үшін үш дәрігер бірге жіберілген. Одан бөлек 18 компания бір-бірден өз мамандарын тағы жіберген. Сонда басы-қасы 21 медициналық маман қажылардың жанында жүрген. Меккеде 1744 қажы дәрігерлік көмекке жүгініпті. Оның басым бөлігі - іш ауруына шағымданған. Нақты саны - 1150 адам. Асқазан ішек жолдары ауруларымен - 90 адам, оның 12-сінде өздеріндегі созылмалы ауруларының өршуі болды. 380 адамда тірек қимыл аппараты аурулары тіркелсе, оның 360-да аяқтың әр түрлі қажалулары бар. Сондай ақ
жүрек қантамыр жүйесі аурулары - 220, оның 215-де артериалды қан қысымның жоғарылауы байқалған. Сонымен қатар қант диабетімен 4 адам, бронх демікпесімен 6 адам дәрігерден ем алды.
"Бір адам жедел аппендецитпен ауруханаға жеткізіліп, белгілі дәрежеде дәрігерлік көмек көрсетілді. Ең бастысы қажыларға дәрі дәрмектер жеткілікті болды. Фирмалар өздерімен бірге әкелген дәріден бөлек, миссия құрамындағы мамандар да дер кезінде қажетті дәріні жеткізіп тұрды" делінеді ҚМБД хабарламасында.