Ресейде полиция қазақстандық екі қызды зорлады -  СІМ түсініктеме берді

24 kz
Қазақстандық қыздардың зорланғандығы туралы ақпарат, ең бірінші болып ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Ресейде полицейлердің қазақстандық екі қызды зорлады деген ақпаратқа қатысты ҚР СІМ түсініктеме берді, - деп хабарлайды Zakon.kz.

- Қазан қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығы Ресей ІІМ-нің Свердлов облысы бойынша бас басқармасына қылмыс туралы жазбаша ақпарат беруді сұрап, хат жолдады. Ал зардап шегушілердің өзі консулдықтың көмегіне жүгінбеген. Сондықтан олардың Қазақстан Республикасының азаматы екенін растап немесе жоққа шығару әлі мүмкін болмауда, - дейді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Қазақстандық қыздардың зорланғандығы туралы ақпарат, ең бірінші болып ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Ондағы деректерге сүйенсек, қылмыс 18 тамызға қараған түні, яғни жексенбі күні автотұрақтардың қалтарысындағы қараусыз жерде орын алған. Кеш қарая саунадан шыққан қыздарды полиция тоқтатқан. Оларды тоқтатқан себебі де белгісіз. Интернет басылымдардың болжамынша, қыздар тән саудасымен айналысқан, Қазақстанның тумасы болып табылатын оларда Ресей азаматтығы жоқ болған.

Кейбір БАҚ-тың хабарлауынша, полиция қыздарды көлікке отырғызып, оларды сол арада зорлаған. Осы қылмыс үстінде әріптестерін Ресей ІІМ-нің Свердлов облысы бойынша Бас басқармасының ішкі қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері ұстаған. Тергеушілер күдіктілерді қамауға алу туралы Екатеринбургтің Ленин аудандық сотына шағым жолдаған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін