Сарқан ауданында ауылдасын пышақтаған күдікті ұсталды

pxhere.com
Оқиға 15 қыркүйек күні Сарқан ауданының Екіаша аулында орын алған.

Алматы облысының полицейлері бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматты ауылдасына пышақ жарақатын салды деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz облыстың полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға 15 қыркүйек күні Сарқан ауданының Екіаша аулында орын алған. Екі тұрғынның арасында болған жанжал біреуінің ауыр дене жарақатын алумен аяқталды. 33 жастағы азамат ауруханаға пышақ жарақатымен түсіп, екіншісі белгісіз белгісіз бағытта із суытқан.

Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабына сәйкес "Қасақана ауыр дене жарақатын келтіру" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп, аталған қылмысқа қатысы бар күдіктінің мекенжайын анықтау мақсатында тиісті шаралар қабылдады.

"27 жастағы күдіктінің бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Ол туралы нұсқама барлық полиция бөлімшелеріне жолданды. Жедел топ күдіктінің соңына түсіп, оны Алматы қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен ұстады. Қазіргі уақытта күдікті Сарқан қаласына жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу ісі жергілікті полицейлердің өндірісінде", - деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Атап өту қажет, полиция қызметкерлері қылмыс құралы болған пышақты іздеп тапты және қылмыстық оны айғақзат ретінде іс материалдарына тіркеді. Зардап шеккен ер адам әлі күнге дейін дәрігерлердің бақылауында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін