23 қыркүйекте "Синопэк Казахстан" корпорациясының Ақтаудағы филиалының қызметкерлері жалақыны 100% көтеруді талап етіп, жұмысқа түгелдей шықпай қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарақұдық және Солтүстік Бозашы кен орындарының 100-ге жуық жұмысшысы жалақыларын 100% көтермейінше жұмыс шықпайтындарын айтқан.
- 23 қыркүйе "Синопэк Казахстан" корпорациясының Ақтаудағы филиалының қызметкерлері, атап айтқанда Қарақұдық және Солтүстік Бозашы кен орындарының 100-ге жуық жұмысшысы сағат 17.00-де жұмыстарын кілт тоқатып, жалақыларын 100% көтеруді талап етті. Келесі күні, яғни 24 қыркүйекте жұмыс беруші мен еңбек ұжымының бастамасымен арада келіссөздер жүргізіліп, ол күні бойына созылды.
Келіссөздің нәтижесі бойынша жұмысшылар кешкі 20:00-де жұмысқа шықты. Тараптар жалақы мөлшерін "М-Техсервис" ЖШС-нің Маңғыстау филиалының (Солтүстік Бозашы кен орнындағыдай ұқсас жұмыспен айналысатын компания) жалақысының деңгейіне теңестіру туралы шешім қабылданды», - деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімдігі.