ҰҚК Қостанайда қару жасайтын жасырын цех барын анықтады

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Бұл іске қатысты бір күдікті әлі іздестіріліп жатыр.

Қостанай облысында жарамсыз қару-жарақты ұрыс қаруына айналдырып, жасайтын шағын цех жұмыс істеген, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"29 тамызда Қостанай облысы Рудный қалалық сотында жарамсыз қаруды қайта жарамсды қып жасайтын шағын цех ашқан Д.Басакин мен А.Стенинге ұрыс қаруы мен жарылыс заттарын заңсыз сатқандары үшін үкім шығарылды" – делінген ведомоства ұсынған ақпаратта.

Сотталушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы, яғни "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құралдарды заңсыз сатып алу, оны біреуге беру, өткізу, тасымалдау немесе алып жүру" және 291-бабы -"Қаруды, оқ-дәрілерді, жрылғыш заттарды және жарылғыш құралдарды ұрлау немесе қорқытып алу" баптары бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әртүрлі жазалау мерзімдеріне сотталды.

Бұл іске қатысты бір күдікті әлі ұсталмады, оған іздеу жарияланған.

Айта кетсек, 2019 жылдың сәуірінде ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері арнайы операция өткізіп, жоғарыда аты аталған адамдардан салмағы 2 келі болатын "аммонит" жарылғыш затын, сондай-ақ жауынгерлік пистолетті өткізу кезінде ұстаған бюолатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Димаш Құдайбергенді Чилиде жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады