Атырау облысында мал ұрлаған "сақалдылар" ұсталды

Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі
Олар 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

Жыл басынан бері 82 мал иесіне қайтарылды, деп хабарлайды Zakon.kz Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полициядағылардың айтуынша, мал ұрлаудың басты себебі - қараусыз мал жайылымы. Соңғы рет Махамбет ауданы маңында бөтеннің малын айдап әкетіп бара жатқандарды тәртіп сақшылары құрықтаған.

- Полиция қызметкерлері Атырау облысы аумағында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты тізгіндеді. Тәртіп сақшылары Атырау - Индер тас жолында ұрланған мал тиеген ГАЗел көлігін тоқтатқан. Бөтеннің үш сиырын иемденген 29 және 42 жастағы ер адамдар жергілікті тұрғындар болып шықты. Тергеу кезінде қылмыскерлердің деструктивті діни ағым өкілдері екендігі анықталды, - деп хабарлады полициядағылар.

Ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 2-бөлігі, яғни "Алдын ала сөз байласып, ұрлық жасаған адамдар тобы" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Олар 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады