Шамалғанда апаттан зардап шеккендердің беті бері қарады

pexels.com
Екінші қыз - 3 жаста, комада, дегенмен ол жасанды тыныс алу аппаратынан ажыратылды, қазір өздігінен дем алады.

Шамалғандағы пойыз бен автобустың қақтығысуы салдарынан ауыр жағдайда ауруханаға түскен үш адамның беті бері қарады, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

- 5 жасар баланың жағдайы ауыр, дегенмен күннен күнге динамикасы жақсарып келеді, сөйлей алады, тамақ ішеді. Екінші қыз - 3 жаста, комада, дегенмен ол жасанды тыныс алу аппаратынан ажыратылды, қазір өздігінен дем алады. №7 қалалық клиникалық ауруханада қос қыздың анасына ота жасалды, жағдайы орташа, операция сәтті өтті, динамикасы жақсарды, - дейді дәрігерлер.

19 қыркүйекте олар аудандық ауруханадан Алматыдағы ауруханаға жеткізілген еді.

15 қыркүйек күні кешкі 19.00-де Алматы облысындағы Алматы-Отар учаскесінің Ақсеңгір-Шамалған учаскесінде Алматы-Қостанай жолаушылар пойызы Алматы-Қаскелең бағытындағы "Сетра" автобусымен соқтығысты. Салдарынан автобус жүргізушісі қайтыс болды, одан бөлек үш жолаушы жарақат алып, ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Олар - 1986 жылғы келіншек пен оның оның 2014 және 2016 жылдары туылған екі қызы. Қайғылы апатқа қатысты екі қылмыстық іс қозғалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс