Алматыда үш жігіт пен бір қыз жезөкшелерді шақыртып, тонаумен айналысқан

pxhere.com
Қарақшылар жезөкшенің аты жезөкше, олар полицияға бармайды, деп ойласа керек.

Алматыда жезөкшелерді тонаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды Zakon.kz қаланың Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төрт күдіктінің біреуі қыз екен. Қалада пәтер жалдап, интим қызмет көрсететін еркек-жезөкшелерге қоңырау шалып, пәтеге шақырған. Жезөкшелері пәтерге келген соң оны жабылып ұрып-соғып, мүліктерін ашық тонаған.

- Жалға алынған пәтерде "клиенттер" шақырылған қонағын ұрып-соғып олардың құнды заттарын: ақша, ұялы телефондар, зергерлік бұйымдарын тартып алған. Қарақшылар жезөкшенің аты жезөкше, олар полицияға бармайды, деп ойласа керек. Олардың қалада жасаған осындай 4 эпизоды дәлелденді. Күдіктілердің екеуі бұрын мүлікке қарсы қылмыстар үшін жауапқа тартылған. Ең жасы үлкені қыз, ол 27 жаста, қалған қатысушылар 1998, 1999 және 2000 жылы туғандар. Олар қалаға еліміздің түрлі аймақтарынан келген және қалада еш жерде жұмыс істемейді. Олар ақшаны осындай қылмыстық жолмен табуды шешкен. Қазір олардың барлығы тергеу изоляторында, ҚР ҚК 190 бабының 2-бөлігі – қарақшылық қылмысы бойынша айыпталушы ретінде сот отырысын күтуде. Осы адамдардың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккендер болса мына телефондарға хабарласыңыз: 2564-48-70; 254-48-71 және 254-48-72, - деді Медеу ауданы Полиция басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигі Ұлан Әбілқайыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты