Алимент төлегісі келмеген әке бір жасар баласын өлтірді

dom-i-zakon.ru
Тауып жүрген табысының қомақты бөлігін ер адам бұрынғы отбасына бергісі келмеген. Сондықтан мойнына артылған "артық жүктен" ол осылай оңай құтылуды жөн көрген.

Өзбекстанның Наманган қаласында ажырасқан әке бір жасар ұлын ұрлап әкетіп, оны ағын суға лақтырып жіберген. Бала қайтыс болды. Қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Sputnik.

Қылмыскер қасақана кісі өлтіргені үшін 18 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Үнемі ұрыс-керістен, төбелестен соң ерлі-зайыптылар ажырасу туралы шешім қабылдайды. Баласын ерткен жас келіншек төркініне оралды, ал ер адамға сот баласы мен әйелін асырау үшін алимент төлеуді бұйырған. Тауып жүрген табысының қомақты бөлігін ер адам бұрынғы отбасына бергісі келмеген. Сондықтан мойнына артылған "артық жүктен" ол осылай оңай құтылуды жөн көрген", делінеді құзырлы орган хабарламасында.

Қаскөй әке баланы ұрлап, оны ағынды суға лақтырып жіберген. Бала суға батып кеткен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: мереке қарсаңында қой бағасы қанша?

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Құрбан айтта жасалатын амалдар мен тың деректер

Қазақстан Кенияға ЖИ және цифрландыру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды