Журналист қызды зорлаған бас редактор дауға қалды

Газета.Ru
Журналистің айтуынша, бас редактор оны екі рет зорлаған, бір рет кабинетте және екінші рет дәретханада.

Ресейде "Великий Новгород" қалалық газетінің бас редакторы Михаил Боголюбов 33 жастағы журналист Алина Щеглованы зорлағаны үшін айыпталуда, деп хабарлайды gazeta.ru.

Жәбірленген әйелдің айтуынша, ол 27 қыркүйекте редакцияда болған корпоративка кезінде мас болып қалып, есін жиған кезде өзін Боголюбовтың зорлап жатқанын көреді.

Бас редакторға қарсы қылмыстық іс қозғалды, деп жазады "Медуза".

Сол күні редакцияда болған басқа журналистер Щеглованың шынымен де ішімдікті шамадан тыс көп қабылдап, қатты масайғанын айтады.

Сосын 42 жастағы бас редактор мас әйелді өзімен бірге таксимен ала кететін болған: екеуінің тұратын үйлері бір маңда екен. Бұған әйел де келіседі, өйткені бас редактор әйелдің күйеуін жақсы таниды, екеуі бала кезден дос.

Жұрттың бәрі тарап кеткен соң, журналист пальтосын киіп, редакторы такси шақырғанша үстелдің басында күтіп отырған сәтте қатты ұйқыға кетеді. Зорланып жатқан кезінде бірақ оянды. Журналистің айтуынша, бас редактор оны екі рет зорлаған, бір рет кабинетте және екінші рет дәретханада.

Кейін Боголюбов қанша жалынғанымен, жәбірленуші кешірмеді: 30 қыркүйекте полицияға арыз жазды.

Алайда бас редактордың әйелі полиция полковнигі екен. Соның салдарынан тергеу жөнді жүрмей жатыр. Іс алға жылжымай, ана тергеушіден мына тергеушінің қолына өтуде. Бас редактордың әйелі "арызыңды қайтып ал" деп жәбірленушіден талап етіп жүр екен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды