Өршіп тұрған жер қатынастары қылмысына лауазымды тұлғалар түрткі - маман

Ашық дерекөздерден алынды
Әрбір бесінші құқық бұзушылықты жер қатынастары басқармалары мен бөлімдерінің лауазымды тұлғалары жасаған.

Қазақстанда жер қатынастары қатысты қылмыс өршіп тұр. Бұл туралы Nur Otan партиясы жанындағы арнайы комиссия отырысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері айтты. Әсіресе Нұр-Сұлтан қаласы, Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар және Түркістан облыстарында жағдай ушыққан, деп хабарлайды Zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Әрбір бесінші құқық бұзушылықты жер қатынастары басқармалары мен бөлімдерінің лауазымды тұлғалары жасаған. 110 қылмыс жасалған. Олар жер учаскелерін беру кезінде лауазымын асыра пайдалған, пара алған, алаяқтыққа барған. Сондай-ақ, жалға алу құқығын заңсыз ұзартқан.

Nur Otan фракциясының мүшесі Майра Айсина жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты жою үшін, электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға шақырды. Осы арқылы азаматтар қажетті құжаттарын өз бетінше жылдам, әрі делдалсыз ала алады, - деді.

Майра АЙСИНА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, NUR OTAN ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Біз адамдарды электрондық қызметтерді пайдалануды үйретуіміз керек. Оларға мемлекеттік қызметтерді қалай алуға болатынын көрсетіп, айтуымыз қажет. Жастар үшін бұл қиын емес. Ересек адамдарға үйретіңдер. Ең алдымен, отбасындағы адамдардан бастау керек.


Материалды көшіріп басқанда astanatv.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Димаш Құдайбергенді Чилиде жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады