Ажырасқан Ақтау қаласының тұрғыны үйге таласып, үш баласы мен әйелін одан қуып шықпақ болған. Ол үшін әке-шешесімен бірігіп сотқа арыз түсірген. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Лада басылымы жазды.
Ақтау қалалық соты ер адам мен оның ата-анасының бұрынғы әйелі мен үш баласының анасына қарсы шағымды қарады. Азаматтық істі қарау барысында сот бұрынғы ерлі-зайыптылардың үйленіп, отбасылы болған кезде ер адамның ата-анасына тиесілі пәтер сатып алуды ұйғарғаны анықталды, өйткені үлкен кісілерге шұғыл ақша, ал жас жұбайларға баспана қажет болған. Тараптар нотариус арқылы келісімшартқа отырып, ақшасын төлеп, пәтер сатып алған.
Алайда, осыдан бірнеше ай өткен соң ерлі-зайыптылар ажырасу туралы шешім қабылдайды, өйткені олар мінездерінің сәйкес келмеуінен енді бірге тұра алмаймыз деп шешкен. Басында ер азамат үш баласы мен әйелін тастап, ата-анасының қолына барған. Артынан олар бұрынғы әйелі мен жас балаларын далаға қуып шығып, пәтерді тартып алмақ болады. Өздерінің осы жымысқы жоспарын жүзеге асыру үшін олар, алдымен сотқа пәтердің сату-сатып алу туралы келісімшартының күшін жоюға шағымданады. Алайда сот шағымданушы тараптың жымысқы әрекетін байқап әрі әйел адамның үш баланың күтімімен үйде отырғанын, ешқандай жерде жұмыс істемейтінін, күнің әрең көріп отырғанын ескеріп, шағым түсуші тарапты жақтап шықты.
Сот шешімі өз күшіне енді.