Қарағанды облысының полициясы 72 киікті атқандарды іздеп жатыр

yandex.kz
Жанбобек ауылынан 60-шақырым жерде мүйіздері кесілген 72 киіктің тұтас еті табылған.

70-тен астам киік атқан күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша Қарағанды облысы ішкі істер органдарының жеке құрамына бағыттама берілді, деп хабарлайды Zakon.kz Қарағанды облысының ПД Баспасөз-қызметіне сілтеме жасап..

Облыстық полиция департаменті басшылығымен күдіктілерді ұстауға байланысты білікті мамандардан жедел-іздестіру тобы құрылған болатын.

Қарағанды облысымен шектесетін облыстағы полиция қызметкерлерімен бірлесіп тосқауыл бекеттері қойылды. Бағыттамада көрсетілген автокөліктерге ұқсас барлық көлік құралдары тексерілуде.

Естеріңізге сала кетейік, 26-шы қазан күні "Охотзоопром" және Нұра аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен Нұра ауданына қарасты Жанбобек ауылынан 60-шақырым жерде мүйіздері кесілген 72 киіктің тұтас еті табылғаны туралы хабарланған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 337 бабы 4 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Браконерлерді іздеу жұмыстары жалғасуда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды