Ақтөбеде 6-сынып оқушысы сарайда асылып қалды

Zen à Vous
Бала отбасының үлкен баласы екені белгілі. Әке-шешесі ажыраспаған.

27 қазан күні Ақтөбе облысының Ембі қаласында мектеп оқушысы үйінің ауласындағы сарайда асылып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz "Ақтөбе Таймс" газетіне сілтеме жасап.

Бала Ембідегі орта мектептердің бірінде алтыншы сыныпта оқиды.

"Бұл І-тоқсаннан кейінгі демалыс күндері болды. Мектепте психолог бар, ата-аналармен жұмыс жүргізілуде", - дейді мектеп басшылығы.

Мектеп басшылығы баланың соңғы кездергі мінез-құлқы туралы айтудан бас тартты.

- Қазір психологтар туыстарымен жұмыс жасауда. Тергеу органдары оның себептерін анықтап жатыр. Бұл қайғылы оқиғаға қатысты қандай да бір түсінік беру қиын, өйткені баланың ата-анасы үшін ол өте ауыр тиюі мүмкін, - дейді Мұғалжар ауданының білім бөліміндегілер.

Бала отбасының үлкен баласы екені белгілі. Әке-шешесі ажыраспаған. Оның төрт бауыры бар: төртінші сыныпта оқитын және жаңа туған інілері, екінші сыныпта оқитын және 4 жасар қарындастары бар. Баланы мұндай ауыр әрекетке не итермелегенін қазір полиция анықтап жатыр.

Айта кетсек, осыдан бір ай бұрын Алға ауданындағы мектеп оқушысы дәл осындай жолмен өз-өзіне қол салған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты