ҚР ІІМ зорланған баланың жеке мәліметін таратуға қатысты тергеу жүргізуде

newtimes.kz
Облыста тергеу жүріп жатыр.

Шығыс Қазақстанда зорланған жеті жасар қызға қатысты жеке мәліметтер жарияланып кетті. ҚР Ішкі істер министрлігі осыған қатысты полицияның әрекетін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев қазір осыған қатысты тергеу жүріп жатқанын айтты.

- Егер полицияның кінәсі дәлелденсе, әрине, олар жазаланады. Облыста тергеу жүріп жатыр, - деді ол үкімет дәлізінде.

Қожаев тергеуден кейін шешім қабылданатынын айтты.

- Тергеу барысындағы барлық мән-жай анықталады, сондай-ақ қылмысқа ықпал ететін жағдайлар нақтыланатын болады. Осыдан кейін шешім қабылданады, - деді вице-министр.

Sputniknews.kz дерегі бойынша, 28 қазанда Шемонаиха қаласында жеті жасар қыз зорланған. Полиция күдіктіге қатысты нұсқаулық таратып, ол әлеуметтік желілерде жарияланды. Онда арызданушының аты-жөні, тіпті мекен-жайына дейін мәлімет ашық көрсетілген.

Қылмысты қыздың анасымен бірге тұрып жатқан ер адам мас күйінде жасаған. Кейінірек ер адамның өлі денесі табылды, ол өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін екені айтылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді