Солтүстік Қазақстан облысындағы Смирнов ауылының тұрғыны синтетикалық есірткіні жасап, оны бүтін бір ауданға өткізіп отырған. Күдікке іліккен жергілікті тұрғын заңсыз кәсібін бірнеше жыл бойы дөңгелетіп келген. Бір қызығы, оның теріс қылығынан бүкіл ауыл жұртшылығы хабардар. Полиция синтетикалық есірткі саудалаушыларды ұстауға заңды құқығы болмағанын айтады, өйткені осыған дейінондай заң бізде болмаған, деп хабарлайды Zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.
Полицейлер күдік тударған адамды жыл басынан бері аңдыпты. Алайда, оны бірден құрықтау мүмкін болмаған. Себебі, оның жасаған өнімі заңсыз есірткілердің қатарына жатпаған. Тек шілде айында ғана оны құрықтауға негіз пайда болған.
Иван ТЕРЗИДИ, СҚО ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
-Шілденің 5-і күні есірткі саудасына қатысты заң өзгеріп, синтетикалық есірткілердің тізімі жаңарған болатын. Сөйтіп, Смирнов ауылындағы есірткіні саудалаған адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 297 бабының 3-бөліміне сәйкес құрықтап, тергеу амалдарын бастадық.
Заңсыз саудагердің үйін тінту барысында синтетикалық есірткіні жасайтын құрылғылар, "спайстың" 620 дозасы мен 900 мың теңге көлемінде қаражат табылған. Оларды құзырлы мамандар тәркіледі.
"Есірткі сатқан адамның үйі Титов көшесінде қалған үйлерден қарағанда ерекшеленіп тұр. Ауылдың қарапайым тұрғыны емес, шылқыған бай саудагердің баспанасынан кем емес. Көршілердің айтуынша, мұнда жаппай құрылыс жұмыстары жазды күні қолға алынған. Небары бірнеше айдың ішінде отағасы үйін сайдингпен қаптап, алып гаражды тұрғызып тастапты. Синтетикалық есірткінің саудасы Аққайың ауданында бірнеше жылдан бері қызған. Тіпті Смирнов ауылынан да тапа тал түсте келіп, қажетті дозасын арқалап кететіндер бар, - дейді көршілері.
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
- Мен бұл ауылға бір жарым бұрын көшіп келдім. Бұл үйде спайстың сатылатыны білдім. Өйткені кейбір таныстарым да келіп тұратын.
Есірткі сатты деген күдікті көршілерімен қоян-қолтық араласпапты. Алайда, кейбір тұрғындарға жақсы қырымен танылған.
Назира САРСЕНБАЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
- Мен жалғыз тұрамын. Шаруашылықты жүргізуге қиын болғандықтан, көршім маған көмектесіп отырды. Онымен баяғыдан бері араласып келеміз. Жақсы адам, оның теріс қылықтарын байқамаппын.
Айта кету керек, күдікті дәл осы қылығы үшін 2009 жылы да сотты болған. Алайда, шартты түрде жазасын өтепті. Бұл жолы ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жалпы, ел бойынша жыл басынан бастап синтетикалық есірткі саудасының 262 фактісі тіркелген. 85 адам құрықталып, зиянды заттың 9 келісі тәркәленді.