Шығыстағы жолдардың бірінде көктайғаққа байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Көктайғақ, ШҚО, тас жол, шектеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2026 20:41 Сурет: pixabay
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ еліміздің бірқатар өңіріндегі қолайсыз ауа райына байланысты мәлімдеме жасады. Сондай-ақ ШҚО-дағы тас жолдардың бірінде шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, түнгі және таңертеңгі уақыттарда Ақмола, Абай, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Жетісу, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында қар аралас жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде көктайғақ күтіледі.

"Жүргізушілерден жолда аса мұқият болуды, жылдамдық режимі мен арақашықтықты қатаң сақтауды, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды және аса қажеттілік болмаса сапарға шықпауды сұраймыз", делінген хабарламада.

Сондай-ақ 2026 жылғы 22 қазан сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Өскемен — Риддер — РФ шекарасы" тас жолының 15–105 шақырым аралығында (Белоусовка кенті — Риддер қаласы) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылатыны хабарланады.

Жолды 2026 жылғы 23 қазан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Бұған дейін синоптиктер 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауатынын ескерткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: