Бүгіндері әлеуметтік желі мен телефон мессенджерлері арқылы кішкентай баланы азаптаған әйелдің видеосы жаппай тарады. Бұл видеоның Қазақстанда түсірілмегені белгілі болды. Алайда, Zakon.kz редакциясы бұл видеода қыз баланы азаптаған адамды анықтау үшін оған қатысты арнайы сұрау жолдауды жалғастыруда.
Бұл видеоны таратушы қазақстандықтар ондағы садист әйел мен оны түсірген адамды тауып, жазалауын талап етеді. Видеода нағыз қатыгездік бейнеленген: әйел жылап жатқан қызды аяғымен таптап, бетіне отырып алып, оның тыныс алуына мүмкіндік бермей, қинайды.
Алдын ала болжам бойынша, бұл ролик Қазақстанға Ресейден, Татарстаннан немесе Башқұртстаннан келіп жеткен болуы мүмкін. Бірақ қазақстандықтар бұл болжамға сенбейді, олар оның өзімізде түсірілгенін қайталап айтуда. Алайда тексерілген фактілер ол видеоның АҚШ-тан жеткенін көрсетеді. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары бұл видеоның бірнеше апта бұрын пайда болғанын, оның Техаста түсірілгенін хабарлайды. Осы видеоға байланысты Корпус-Сити полициясы аяғындағы тату суреті бар әйелдің суретін жариялап, оны танитандардың өздеріне хабарласуын сұраған.