"Дін тыйым салмайды". Түркістан облысында есірткі жасап, сатқан салафит ұсталды

kazislam.kz
Тергеу мен сот кезінде Әбдіхалық Тәңірбергенов есірткіні үйде сақтау дінмен тыйым салынбаған деп түсіндірді.

Түркістан облысында намаз оқып, діни білім алатын бөлмесін есірткі қоймасына айналдырған азамат сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Бұрын да төрт рет түрмеде отырып шыққан салафизм бағытының өкілі биыл жыл басында ұсталған.

Жат ағымның жетегінде жүрген жетісайлық көпбалалы әке өзінің ілім үйренетін бөлмесінде есірткі дайындап, оны сақтап келген. Тергеу мен сот кезінде Әбдіхалық Тәңірбергенов есірткіні үйде сақтау дінмен тыйым салынбаған деп түсіндірді.

Кәмелетке толмаған бес баласы мен мүгедектігі барын ескерген оны Жетісай аудандық соты бір жарым жылға бас бостандығын ғана шектеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы