19 жасар келіншек баласын күйеуіне тастап, басқа қалаға қашып кеткен

avoka.do
Сұрақ-жауап алу кезінде жас келіншек отбасылық кикілжіңнен шаршап, үйден қашып кетуге мәжбүр болғанын айтқан.

Алматы облысының полицейлері отбасынан қашып кеткен жас әйелді тапты, деп хабарлайды zakon.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қараша айының басында Іле ауданының полициясына Ақши ауылының тұрғыны өзінің 19 жасар келіншегі жоғалып кеткенін айтып, шағымданды. Жас келіншек бір жасар баласын күйеуінің қолына ұстатып өз жөніне кеткен.

Жедел іздестіру ісі қозғалғаннан кейін Іле аудандық полиция басқармасының ізкесушілері жас әйелді іздей бастады. Жоғалған адамның барлық мәліметі мен белгісі еліміздің барлық полиция бөлімшелеріне жіберілді.

- Іздестірілген адамның қайда жүргені үш аптадан кейін белгілі болды. Жоғалған әйел Шымкенттен табылды. Ол аман-есен өз отбасына оралды. Осыған дейін оның Шымкенттегі құрбысының үйінде тұрғаны анықталды, деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Сұрақ-жауап алу кезінде жас келіншек отбасылық кикілжіңнен шаршап, үйден қашып кетуге мәжбүр болғанын айтқан.

Жалпы, жыл басынан бері облыстық полицияның көмегімен әр жылдары із-түзсіз жоғалып кеткен 170-тен астам адамды табылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді