Шудың жігіті өз ырқына көнбеген қызды жұмыс орнынан алып қашпақ болды

Pixabay
Жігіт өз ырқына көнбеген қыздың жұмыс орнына пышақпен барған. Зардап шеккен адам бар.

Жамбыл облысында сөз салып, кеудесінен итерген қызды алып қашпақ болған 30 жастағы жігіт қанды лаңынан соң полиция бөлімшесінен бір-ақ шықты, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Шу қаласының 30 жастағы тұрғыны өзі ұнататын қызға үйленбекші болған. Алайда 20 жастағы бойжеткен оған тұрмысқа шығудан бас тартыпты. Бұған намыстанған азамат, қыздың жұмысына келіп, оны алып қашуға әрекет жасады. Альбина есікті іштен іліп алып, ашпай қойған. Ашуланған азамат қолындағы пышақпен құлыпты бұзбақ болады. Сән салонындағы айқайға бойжеткеннің әріптестері араласып, қызба жігітті сабасына түсіргісі келді. Алайда ол дауға араша түскендердің біріне пышақ сұғып алған. Денесіне өткір зат кірген азамат ауруханаға жеткізілгеннен кейін, жанжал шыққан жерге полицейлер келіп, 30 жастағы күдіктініні қамап тастаған. Енді бақыт құсын қолына қондыра алмаған жігіт кемі үш жылын түрмеде өткізуі мүмкін", - дейді телеарна тілшісі.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Қызды әріптесі қорғамақшы болған. Нәтижесінде кеуде тұсынан пышақ жарақатын алған. Күдікті кінәсін мойындап, оған күзетпен бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін