Facebook-тегі жазбасы үшін елордалық азамат сотталды

fishki.net
Астаналық тұрғын Facebook-те балабақша әкімшілігімен жанжалдасқаны туралы жазба жариялаған. Бұл жазба желіде үлкен резонанс туғызып, кеңінен талқыланды.

Facebook-тегі жазба іскерлік беделді қорғау үшін сотқа жүгінуге негіз болды, деп хабарлайды zakon.kz елорданың Алматы аудандық сотына сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, астаналық тұрғын Facebook-те балабақша әкімшілігімен жанжалдасқаны туралы жазба жариялаған. Бұл жазба желіде үлкен резонанс туғызып, кеңінен талқыланды.

Сот айыпталушының балабақша тәрбиешісі баласын ұрғаны туралы полицияға шағымданғанын анықтады.

- Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, яғни желіде жазба жарияланғанда М. деген тәрбиешінің балаға дене жарақатын салғаны сотта дәлелденбеген. Оған қоса айып тағушы тәрбиешінің жеке аккаунтын да тіркеп, сот немесе құзырлы органдар нақтыламаған фактілерді тұжырымдап жазып, расталмаған ақпарат таратқан, - дейді сот.

Нұр-Сұлтанның Алматы аудандық сотының шешімі бойынша жауап берушінің желіге орналастырған ақпараты адамның ар-намысына, қадір-қасиеті мен іскерлік беделіне нұқсан келтіреді деп танылды.

Сот оған жазбаны желіден алып тастап, оны теріске шығаруды бұйырды. Оған қоса моральдық тұрғыда зиян келтіргені үшін 30 мың теңге айыппұл төлеу міндеттелді.

Нұр-Сұлтан сотының апелляциялық алқасы бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды