Қонаевтан Алматыға кеткен жасөспірім таудағы лашықтан табылды

Конаевтен Алматыға көзілдірік алуға кеткен оқушы 2500 метр биіктіктегі лашықтан табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2026 12:19 Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі
Қонаев қаласының кәмелетке толмаған тұрғыны көзілдірік сатып алу үшін Алматыға кетіп, із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кейін оны құтқарушылар таудан тапты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы 29 қазанда жасөспірім ересектердің еріп жүруінсіз Конаевтағы үйінен автобуспен Алматыға көзілдірік алуға кеткен. Алайда ол үйіне оралмаған.

Іздестіру жұмыстары кезінде құтқарушылар жасөспірімді "Озерная" лашығынан тапқан. Онымен бірге тағы екі досы болған.

"Алматы қаласының Бостандық ауданында, Үлкен Алматы көлі маңында, 2510 метр биіктікте Алматы қаласы Құтқару қызметінің Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары 2010 жылы туған жасөспірімнің жүрген жерін анықтау үшін іздестіру жұмыстарын жүргізді", – делінген ТЖМ хабарламасында.

Құтқарушылар жасөспірімдерді таудан түсірді. Оларға медициналық көмек қажет болмаған. Таудан түскен соң кәмелетке толмағандар полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Бұған дейін Алматы тауларындағы Көк-Жайлаудан түсу кезінде бағытынан адасқан екі туристке құтқарушылардың көмегі қажет болған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: