Шымкентте өз-өзін өртеп жіберген қыз ауруханада көз жұмды

Дніпро
Дәрігерлер қызды құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасады, бірақ оның ағзасы бүкіл денесін шалған күйікке төтеп бере алмады.

Жантүршігерлік оқиға 3 желтоқсанда Тассай ауданында Юсуф Сайреми көшесі маңында болды. Сол жердегі алаңда жас қыз үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртеп жіберді. Қатты күйіп қалған қыз жедел жәрдемге өзі қоңырау шалған, деп хабарлайды zakon.kz Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

Қыздың басы, мойыны, денесі, аяғы екінші және үшінші дәрежелі термиялық күйік ретінде тіркелді, ал жалпы денесінің 85 пайызын от жалмап, ол ауыр күйдегі төртінші дәрежелі термикалық күйік деп бағаланды.

Дәрігерлер қызды құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасады, бірақ оның ағзасы бүкіл денесін шалған күйікке төтеп бере алмады.

Ол 31 жаста болған.

Шымкент қалалық полиция департаменті "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Алдын ала болжам бойынша, қыздың өз-өзін өртеуіне сүйіктісімен арада болған жанжал себеп көрінеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда полиция 170 мыңнан астам үй мен пәтерді тексерді: себебі мен нәтижесі белгілі болды

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

Ақмола облысында көлік жылқы үйірімен соқтығысты

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды