Ақтауда қайтыс болған бір жасар сәби қандай да бір дерті бойынша дәрігердің тіркеуінде болмаған. Бұл туралы Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасындағылар айтты, деп хабарлайды zakon.kz "Ладаға" сілтеме жасап.
6 желтоқсанда жедел жәрдем станциясына бір нәрестенің ес-түссіз жатқандығы туралы қоңырау келіп түсті. Бригада 27 мөлтек ауданына шұғыл жетті.
- Жедел жәрдем сағат 14:11-де шақырылған мекен-жайға барды. 2018 жылғы баланың биологиялық өлімі тіркелді. Бала бірінші рет бала күтушісіне қалдырылыпты. Қандай да бір дерті бойынша нәресте дәрігер тіркеуіне алынбаған, - дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Жедел жәрдемдегілер баланың денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмағанын айтты. Өлімнің себебі тағайындалған сот-медициналық сараптама жүргізіліп, нәтижесі шыққанда жарияланады.
Бұған дейін Ақтауда бір жасар баланың көз жұмғаны хабарланған болатын. Оны ата-анасы бала күтуші әйелге қалдырып кеткен. Кейіннен әйелдің пәтерді Ақтау қалалық білім бөліміндегілер жеке балабақша ретінде тіркелмегенін анықтады.