Сектаның салт-жоралғысы кезінде әпкесін аяусыз өлтірген мәскеулік Леонид Грейкер тура сот залынан қашып кете жаздады. Щербинск сотында ол полиция қызметкерлерінің көзін бақырайтып қойып, төбе арқылы қашуға тырысты, деп хабарлайды Life.ru.
Видеода көрініп тұрғандай, сотталушы отыратын қоршау ішінде жас жігіт қолын жоғарыға көтеріп, тартылып, пластик төбені сындырып, шатыр арқылы қашпақшы болады. Абдырап қалған сот орындаушылары қашқынды ұстауға тура ұмтылды, бірақ камерадан тайсақтаған олар сотталушыға күш қолдана алмай, әбден әбігерге түсті. Жігіттің шалбары шешіліп, сытылып кетпек болғанда оған ақыры ток ұрғыш пайдаланылды. Сол кезде ол бірден сабасына түсті.
Жақында Мәскеуде 18 жасар жігіт 21 жастағы әпкесінен "жын шығаруға" тырысып, оны аяусыз өлтіріп тастаған. Тексеру кезінде оның пәтерінен есірткі табылды.