Ақтөбелік полицейлері 12 желтоқсанда кәмелетке толмаған балаға қатысты аса ауыр қылмысты ашты, деп хабарлайды zakon.kz.
Жедел-тергеу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын сотталмаған 21 жасар күдіктіні ұстады.
Бұл қылмысты ашуға ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары басшылық еткен арнайы жедел-тергеу тобы айналысты.
ҚР ҚК 120-бап 4-тармағы және 121-бап 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.