Алматыда 2 млн теңге пара алған шенді сотталып кетті

zakon.kz
Медеу ауданының №2 сотының үкімімен А.Әділов пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 2 жыл 7 ай 15 тәулікке бас бостандығынан айырылды.

Алматы қаласы Бостандық ауданының сот актілерін орындау жөніндегі бөлім басшысы міндетін атқарушы пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласының әділет департаментінің ішкі қауіпсіздік және персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімнің қызметкерлерімен бірлесіп Алматы қаласы әділет басқармасының Бостандық ауданы бойынша сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі басшысы міндетін атқарушысы А.Н. Әділовты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігі бойынша ұстаған болатын.

"Ол сот актісін орындамау фактісі бойынша мүлікке тыйым салу шарасын қолданбау және ішкі істер органдарына материалдарын жібермеу үшін ЖШС директорынан 2 млн теңге сомасында пара алды деп күдікке ілінген. 2019 жылдың 23 желтоқсанында Алматы қаласы Медеу ауданының №2 сотының үкімімен А.Әділов пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 2 жыл 7 ай 15 тәулікке бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен өмір бойына аластатылды", деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін