Алматыда дәрігерлер туғанына екі-ақ күн болған сәбиді аман алып қалды

yandex.by
Нәрестеге торакоскопиялық әдіспен ота жасалды.

Алматы қаласындағы жедел жәрдем медициналық көмек орталығына "сол жағында диафрагматикалық грыжа" диагнозымен өмірге келгеніне екі-ақ күн болған сәби жеткізілді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Яғни, іш қуысы мүшелері кеуде тұсына орналасқан. Мұндай диагнозбен туған барлық нәрестелерде жүрек-өкпе жұмысында ақау болатынын баса айта кетелік. Біздің жағдайда балаға III дәрежелі тыныс алу жетіспеушілігі, ІІ дәрежелі жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі, ІІ дәрежелі қанайналым бұзылыстары, мидың гипоксикалық-ишемиялық зақымдануы сынды диагноз қойылды, - деді бөлім бастығы Мейіржан Құрманалиев.

Нәрестеге бірден ота жасалды. Ол торакоскопиялық әдіспен, басқаша айтқанда, ағзаға арналған травматикалық инновациялық әдіс арқылы жүзеге асырылды. Операция кезінде іштің барлық іш-қуыс мүшелері төменге түсіріліп, диафрагмаға пластика жасалды.

Отадан кейін бала 20 күн бойы жаңа туған нәрестелерге арналған жан сақтау бөлімінде болды, одан соң үйіне босатылды. Бала қазір үйде әрі өзін жақсы сезінеді.

Бас дәрігер Абай Құсайыновтың айтуынша, Қазақстанда мұндай ота, яғни торакоскопиялық әдіспен тек Алматыдағы балалар шұғыл көмек орталығында ғана жасалады.

Мұндай диагнозы бар нәрестелердің өлімі перзентхана қабырғасында, тасымалдау кезінде, сондай-ақ отадан соң кезеңде 60% асады.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы атап өткендей, балаларға шұғыл көмек көрсету орталығында жасалған бұл осындай биылғы үшінші ота. Барлық ота сәтті өтті және ол денеге өте аз зиян келтіретін минималды инвазивті әдіспен жасалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін