Самара-Шымкент тас жолында 2 адам қаза тауып, 4 жолаушы жараланды

ҚазАвтожол
11 адам жол-көлік апатына ұшырап, 2 адам қаза болды, 4 жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Жан түршкіктірер жол апаты Түркістан облысындағы Самара-Шымкент автожолының 2170 шақырымында орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алғашқы нұсқа бойынша Мерседес Спринтер жылдамдықты асырып тракторға соғылған.

Қатты соққыдан 40 жастағы ер азамат пен әйел адам оқиға орнында көз жұмды.

- Учаскеде ҚазАвтоЖол және Қазақавтожол қызметкерлері жұмыс істеуде. Барлық жол белгілері орнатылған. Дегенмен, жүргізушілерді жолда сақ болуға және қауіпсіз жылдамдықты сақтауға шақырамыз, - деп атап өтті "ҚазАвтоЖол ҰК" АҚ баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін