Алматыда ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 15 адамға жетті, деп хабарлайды zakon.kz.
- Ұшақ құлаған жерден жедел жәрдем бригадасы барлығы 66 адамды алды, олардың 50-і ауруханаларға жеткізілді. 19 адам - Алматы қалалық №4 клиникалық ауруханасына, Шұғыл медициналық жедел жәрдем ауруханасына, Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына, Орталық клиникалық ауруханасына және алатауы Алматы облыстық көпсалалы облыстық ауруханасына жеткізілді, - деді Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Тілеухан Әбілдаев.
12 зардап шегушінің жағдайы өте ауыр, оның алтауы Алматы қалалық №4 клиникалық ауруханасында, тағы алтауы Алматы облыстық ауруханасында жатыр.
- Зердап шеккен 19 адамның №4 қалалық ауруханада болған бір науқас әйел көз жұмды, біз оның жеке бас мәліметін анықтап жатырмыз. Балалар ауруханасына жатқызылғандардың барлығы есін біледі, оларға ота қажет, сүйектерінің сынуына байланысты. Алматы қалалық шұғыл медициналық жедел жәрдем ауруханасына жатқызылған 13 адам мен Орталық клиникалық ауруханаға жатқызылған үш адамда жеңіл және орташа деңгейдегі дене жарақаттары тіркелді. Барлығы қажетті қан және дәрі-дәрмектермен қамсыздандырылды, - деді Әбілдаев.
Қажет болса, елордадан нейрохирург дәрігерлер шақыртып алынбақ, бірақ әзірге ондай мәселе туындаған жоқ.
Осы жағынан алғанда, апаттан 15 адам қайтыс болды: 14 адам оқиға орнында, біреуі ауруханада.