Баласын байлап тастаған әйел ешқандай жерде есепке алынбаған - полиция

Ерлі-зайыптылар арасындағы дау ер азаматтың ұзақ уақыт бойы алимент төлемегенінен басталған.

Әлеуметтік желілерде ерлі-зайыптыларың отбасылық жанжалы, ал жерде мықтап қолы матаулы кішкентай бала отырған видео тарап жатыр. Желі қолданушылары баласын байлаған әйелдің денсаулығында кінарат бар деп санайды. Алайда Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл әйелдің ешқандай жерде есепке алынбағанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

- Баланың әкесі Сарыағаш АПБ-ға 8 қаңтарда арызданған. Аталған жайт бірден тіркеуге алынып, ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша іс қозғалған, деп хабарлайды полициядағылар.

Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында, ерлі-зайыптылар арасындағы дау ер азаматтың ұзақ уақыт бойы алимент төлемегенінен басталған. Бұл отбасы 2014-2018 жылдар аралығында азаматтық некеде болған. Ерлі-зайыптының екі баласы бар: бір қыз және бір ұл.

- Сонымен қатар сот-медициналық сараптама да тағайындалды. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, баланың денесінен ешқандай жарақат немесе күш қолдану белгісі анықталмаған. Баланың анасы ешқандай есепте тұрмайды. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру амалдары өз жалғасын табуда, - деді облыстық ПД-ның баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: