Талдықорғанда 28 мыңнан аса адамға тұмауға қарсы екпе салынған

Ашық дерекөздерден алынды
Аяқ астынан дене қызуы көтерілген адамдарға өзінше ем-дом жасамай, бірден міндетті түрде дәрігерге қаралуға кеңес беріледі.

Вакцинация өткен жылдың қазан айынан бері жүргізіліп келеді. Бірінші кезекте жүкті әйелдер, науқастармен жұмыс істейтін дәрігерлер, егде жастағы қариялар мен балалардың иммундық жүйесі күшейтілген, деп хабарлайды "Хабар 24".

Сонымен қатар жабық мекемеде жұмыс істейтіндерге де екпе жасалды. "Соның нәтижесінде қауіпті кезең қалыпты жағдайда өтіп жатыр", - дейді дәрігерлер. Мәселен, қалалық №1 емханаға 108 мыңнан аса тұрғын тіркелген. Солардың бірқатарына жұқпалы аурудың алдын-алу шарасы қолданылды.

Айгүл Смайылова, "Талдықорған қалалық емханасы" МКК эпидемиологі:

- 17700 адамды еккеніз. Ол тұрғындардың 14%-ке дейін құрады. Биылғы жылы тұмауға қарсы алдын алу шараларын жақсы жүргіздік деп есептейміз. Сонымен қатар қала тұрғындарына айтарымыз, аяқ астынан ауырып, дене қызуы көтерілсе, осыған ұқсас белгілері болса, міндетті түрде дәрігерге қаралу керек. Өйткені көптеген адамдар өздері ем-дом жасап жатып қалады. Асқынулар болады. Сондықтан әркім өзі тіркелген ауруханасына барып қаралу керек.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс