Астанада мас ер адам себепсіз қарияны ұрып, оған араша түскен әйелге де шабуыл жасаған

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2026 10:18 Фото: polisia.kz
Астанада бейнебақылау камераларына жағымсыз оқиғаны түсіп қалған. Онда подъезден шыққан мас ер адам орындықта отырған қарияны ұра бастаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Одан кейін ол оқиғаға араша түспек болған әйелдің соңынан қуған.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 28 жастағы ер адамның мас күйде подъезден шығып, егде жастағы азаматқа дене жарақатын салғаны анықталды. Сонымен қатар ол жәбірленушіге араша түспек болған 41 жастағы әйелді де ұрған", – деп хабарлады Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция департаменті зорлық-зомбылықтың, дөрекілік пен агрессияның кез келген түріне жол берілмейтінін және мұндай әрекеттер үшін заңда белгіленген жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Айта кетейік, Астанадағы жекеменшік балабақшада болған жанжалға қатысты да қылмыстық іс тергеліп жатыр. Онда тәрбиеленушілердің бірі екінші баланың бетін темір орындықпен бірнеше рет ұрған. Оқиға салдарынан баланың көру қабілетінен айырылуы мүмкін екені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: