Елордадағы қылмыстық топтың мүшесі Түркиядағы қылмыскерлерді қаржыландырып отырған

knb.gov.kz
Тарнсұлттық қылмыстық қауымдастық Түркияда орналасқан болып шықты.

ҚР ҰҚК қылмыстық топтың белсенді мүшесін ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

15 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласындағы ҰҚК департаменті "Арыстан" арнайы қызмет сарбаздарын тарта отырып, ҚР Қылмыстық кодексінің 266-бабы, яғни "Трансұлттық қылмыс қауымдастығы қызметін қаржыландыру" бойынша қылмысты жасады деген күдікпен қылмыстық топтың белсенді мүшесі, Әзірбайжан Республикасының "С" есімді азаматын ұстады, делінеді департаменттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Аталған адам Түркиядағы трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың жетекшілеріне ұдайы ақша аударып отырған.

- Аударылған ақша жергілікті кәсіпкерлерді бопсалау арқылы алынған. Ұсталған азамат Нұр-Сұлтан қаласындағы тергеу изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 10 қыркүйегінде елордада арнайы операция өткізіліп, оның барысында аталған қылмыстық топтың жетекшісі мен мүшелері ұсталған. Олар кәсіпкердің мойнына өтірік қарыз іліп, бопсалау арқылы оның Toyota маркалы көлігін иемденбек болған. Осы факті бойынша олардың үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Ұстау кезінде айыпталушылардан 11 оғы бар Макаров тапаншасы және 5 оғы бар травматикалық тапанша алынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Құрылтай құрамына кімдер енді: саяси партиялар кандидаттар тізімін жариялай бастады

Аудит нәтижесі: Қазақстан атынан шетелге баратын спорт делегациясы қатаң іріктелетін болды

Boeing ұшағы Атлант мұхитының үстінде белгісіз себеппен апаттық сигнал берді

Алматыда қыркүйек қандай болады: күзгі салқын қашан келеді және "күзгі жылымықты" күтуге бола ма