Әкімнің "креслосын" сатып алмақ болған шенді қызметінен айырылып тынды

Inbusiness.kz
Сүлейменовтің өзі бұл жай жолдастары арасында айтылған қалжың сөзім еді деп ақталды.

Жамбыл облысында Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында жергілікті кәсіпкерлердің бірімен телефон арқылы сөйлескен Меркен ауданы әкімінің орынбасары Миржан Сүлейменовтің ісі қаралды, деп хабарлайды zakon.kz Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол жергілікті кәсіпкермен телефон арқылы сөйлескен сөзінде аудан әкімі "креслосын" сатып алатынын айтқан.

Сүлейменовтің өзі бұл жай жолдастары арасында айтылған қалжың сөзім еді деп ақталды.

Әдеп жөніндегі кеңес шендіні қызметінен төмендетуді ұсынды. Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің тапсырмасы бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу шарасы мақсатында Сүлейменов қызметінен босатылды, деп хабарлады әкімдіктегілер.

Сүлейменовтің телефонын жемқорлық ісін тексеріп жатқан қауіпсіздік қызметі тыңдаған. Олар оның әкім креслосы туралы сөзін жазып алған. Мемлекеттік қызметкер ақшасы ысырап болмай ма деп қобалжиды. Онша бай емес аграрлы өңірге осынша ақшаны (50 мың доллар) шашуға тұра ма деп салады ол. Кейіннен шендінің өңірдегі белгілі бір кәсіпкермен сөйлескені белгілі болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты