2019 жылы желтоқсанда Түркістан облысында қыз ұрлап қашқандардың ісі әлі тергеліп жатыр. Осы оқиғада зардап шеккен қыз vera.kz басылымына өзінің басынан өткен жантүршігерлік жайтпен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.
Түркістан облысының полициясы газет журналистеріне қазір бұл фактіге қатысты екі бап, яғни "Адам ұрлау" және "Зорлау" бойынша тергеу жүргізіп жатқандығын, ал күдіктілер Түркістан қалалық сотының шешімі бойынша кепілмен босатылғанын хабарлады.
- Сот-медициналық сараптамасы қыздың қыздық жарғағы зақымдалғанын растады, яғни зорлау фактісі расталды. Сотқа дейінгі тергеу кезінде барлық жағдайлар анықталатын болады. Қалған үшеудің іс-әрекетіне тергеуден соң құқықтық баға беріледі. Тергеушілердің айтуынша, бұл іс қазір тексеріліп жатыр, жақын арада сотқа жолданады, - деді Түркістан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.
Медициналық колледждің 3-курс студенті vera.kz сайтында өз басынан өткен сол күнгі қорқынышты жайтпен бөлісті. 3 желтоқсанда ол жеңгесімен бірге үйден сабаққа шығады. Қыздар сабақтан кешігіп қалмас үшін такси ұстамақшы болып жолдың бойында тұрады, сол кезде кенеттен алдарына бір көлік келіп тоқтап, ішінен шыққан төрт жігіт олардың еш ойлануына мұрша берместен студент қызды темір тұлпарға бір-ақ тығады, ал оның қасындағы жеңгесін итеріп, тротуарға құлатады. Ынтымақ ауылына келгенде ғана қыз өзін алып қашқанын біледі.
- Мені Ынтымаққа алып келді. Ол үйленуге ұсыныс жасады, мен келіспедім, ол арада да қалуға көнбедім. Осыдан кейін олар мені тағы да күштеп көлікке отырғызып, Кентау қаласына алып барды. Мен көліктен шыққым келмеді, сол кезде бір жігіт мені көтеріп алып, бір үйге алып барды. Ол жер суық болды, біз кешке дейін сонда болдық. Сол кезде жеңгелері жүрді сол арада. Үйленуге үзілді-кесілді келіспейтінімді айтып, мені босатуларын сұрадым. Ол үйде екі келін, екі жеңгесі, екі ағасы және үш досы болған,- деп еске алады қыз.
Қалыңдықтың көл қылған көз жасы ешкімді жібітпеген. Ақыры қызды тағы да күштеп көлікке отырғызып, Шымкентке алып барады. Қалада көпқабатты тұрғын үйдің екінші қабаттағы пәтерге қызды күштеп әкеліп, қараңғы бөлмеге қамап қояды. Ал есіктің арғы жағында қыз көніп қалар деген үмітпен абыр-сабыр күйеу жігіт пен оның туысқандары мен достары жүрген.
- Түнде ол қасыма келді, алдымен сөзбен көндірмек болды, содан кейін... Мен көмек сұрап, бар дауысыммен айқайладым, бірақ ол "кетем десем немесе болған жайтты біреуге айтсам сені өлтіремін" деп қорқытты. Содан соң ол мені зорлап тастады. Терезеден секіріп кеткім келді, бірақ жігіт мені ұстап қалды, - дейді сол түнді көз жасына ерік беріп, есіне алған бойжеткен.
Қыз енді қайтіп өмір сүрерін білмейді. Екі рет өз-өзіне қол жұмсамақ болыпты. Осы оқиғаға дейін оған сөз салып жүрген жігіті болыпты, ол медбике дипломын алып, өз мамандығы бойынша жұмысқа істеуді армандаған. Ал қазір студент қыз өзіне қастандық жасаған адамдардың заңмен жазалануын ғана армандайды.
- Мен ол жігітпен кездескен емеспін. Ешқандай қарым-қатынасымыз болмаған. Мен оның атын ғана білемін және ол менен үш жас үлкен. 27 қарашада бір тойда оны көргенмін, бір-ақ рет, болды. Сол кезде ол мені биге шақырды, бірақ одан бас тарттым. Өйткені менің жігітім бар болатын, анам ол туралы білетін. Мені алып қашқанда да жігітім барын айттым, бірақ олар маған сенбеді, - дейді қыз.
Ал бұл уақытта Түркістанда бүкіл отбасы ортаңғы қызды шарқ ұрып іздеп жатқан. Әке-шешесі, екі ағасы мен әпкесі барлық достарымнан, таныстарымнан сұраған, ауруханаға да қоңырау шалған, ақыры полицияға қыздың жоғалып кеткені туралы арыз жазған. Одан кейін де қыз табылып, үйге қайтарған кезде анасы "сүймесең, үйленгің келмесе, онда полицияға кеттік" деген. Сөйтіп тағы арыз жазылған. Арызды Түркістан қалалық полиция бөлімі қабылдады. Олар күдіктілерді 10 тәулік бойы іздестіріп, ақыры тауып, барлығын тергеу изоляторына қамады. - Бірақ, содан кейін бұл оқиға күтпеген бақытқа ойысты, - дейді ашулы құқық қорғаушы Айгүл Орынбек.
- Балалар қамалған кезде бұл істі Түркістан қаласының тергеушілері жүргізді. Содан кейін қалай екенін түсінбедім, бұл істі Түркістан облысының полиция бөлімі өзіне алып, жігіттерді босатып жіберді, - дейді ол.
Адвокаттың айтуынша, Түркістан қаласының полиция қызметкерлері жігіттерді жапқан, ал облыстық полиция басқармасы оларды босатқан. Оның үстіне үшеуі, қылмысқа қатысушы емес, куәгер ретінде тартылып жатыр. Ал 20 желтоқсанда соттың өзі қыз алып қашқан жігітті 15 миллион теңге кепіл ақшамен босатып жіберді.
- Енді іс Түркістан қалалық полиция бөліміне қайта қайтып келді, соған қарағанда бұлар тараптардың татуласуы бойынша істі жабуға тырысып жатқан секілді, - деп күдіктенеді Айгүл Орынбек.
Зардап шеккен қыз бен құқық қорғаушының айтуынша, соңғы күндері үйге құда түсушілер жиі келіп кеткен. Олар гауһар тас та, ақша да, той жасауды да ұсынып, бастысы полициядан арызды алуды өтініп жүр екен.
- Олар келіп, бізге ақша бергісі келді. Ал жігіттің өзі бәрін сатып алатынын айтты, ал мен ештеңе дәлелдей алмайды екенмін. Көзбе-көз сөйлестірді де бізді, қасындағы жігіттер базарға бара жатып, бізді кездейсоқ көріп қалғандарын айтты. Бәрі бір ауыздан Шымкентке қыдырып бара жатыр едік, қыздарды ала кеттік "қалаға барамыз" деген соң деді. Ал мені үйден-үйге алып жүргенде өтіп бара жатқан адамдар және басқа тауыстары болды, бәрін көрді ғой. Мен айқайлап, көмек сұрадым, бірақ маған ешкім көмектеспеді, - деп есіне алады қыз ол күнді.
Адвокат қыздың да, оның отбасының да Түркістан облысының полиция бөліміне сенбейтінін айтып, істі Шымкент қалалық полиция бөліміне тапсыру туралы өтінішпен ҚР Бас прокуратурасына арыз жазған.