Қырғыздың "Вечерний Бишкек" басылымы Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздікке түрткі болған не нәрсе екенін өздерінше болжап, мақала жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.
Мақала авторы, ең алдымен, бұл жағдай қылмыс әлемінің ықпалы бар шекарадағы елді-мекенде орын алғанына мән беру керек деп жазады.
Басылым бейресми деректерге сүйене отырып, Масаншы ауылында болған жайт Қазақстанның оңтүстігіндегі есірткі бизнесіне еге Серік "Голова" ұйымдасқан қылмыстық тобының ұлтаралық шиеленісті желеу етіп, шын мәнінде, өздерінің "түгендеген есебі" деп жазады.
"Айта кетсек, қылмыс әлемінің серкесі осы оқиғадан бірнеше күн бұрын Алматы маңында ұсталған болатын. Біріншіден, жергілікті тұрғындар арасында атыс қаруының болуы қылмыс әлемінің қатысы барын көрсетсе керек. Екіншіден, жергілікті шенеуніктер мен аудан мен облыстағы бірқатар полиция басшыларының қызметінен босатылуының себебі де осыдан деп ойлаймын" деп жазылған мақалада.
7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масаншы ауылында жаппай тәртіпсіздік орын алды. Салдарынан 10 адам көз жұмды, 40-тан аса адам жарақат алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жаппай тәртіпсіздік салдарынан 30-дан астам жеке үй, 15 сауда нысаны және 23 автокөлік бүлінген. 47 адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді, екі аңшы мылтығы тәркіленді.
Оқи отырыңыз: Қазақтың атақты ұрысы: Серік "Голова" деген кім еді