Нұр-Сұлтан қаласында көпқабатты үйдегі пәтерден өрт шықты. Өрттің себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.
12 ақпанда күйші Дина, 39/1 көшеде бір пәтер отқа оранғаны туралы хабарлама келіп түсті. Шамамен 7 минуттан кейін оқиға орнына жеткен Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД өрт сөндірушілері екінші қабатта жалпы алаңы 45 шаршы метрді құрайтын пәтердің отқа оранғанын растады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Подъезд қалың түтінге бөккен, сондықтан өрт сөндірушілер тұрғын үйдегі барлық адамдарды эвакуациялап, құтқара бастады. 20 адам, оның ішінде 9 бала сыртқа шығарылды.
Өрт сөндіру кезінде АКП-54 үш бағаналы баспалдақ, сондай-ақ құтқару маскасын қолдана отырып, елордалық өрт сөндірушілер жалпы 20 адамды, оның ішінде 9 баланы құтқарды. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің салдарынан ауруханаға 12 адам түрлі жарақаттармен жеткізілді, оның ішінде 6 бала бар (зардап шеккендердің аты-жөні мен нақты саны анықталып жатыр), делінген хабарламада.
Өрт сөндіру кезінде 4-қабаттағы пәтерден 1987 жылы туылған бойжеткеннің мәйіті табылды.
Сағат 14.37-де өрт ауыздықталды және 14.41-де ол түбегейлі жойылды. Өртті сөндіруге барлығы 9 дана техника мен 31 жеке құрам жұмылдырылды.