Бүгін Алматы облысында дабыл қағылады

Мамандар облыс тұрғындарын құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеріс жүргізеді.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, күндізгі сағат 12:55-те облыс аумағында электр дабыл 30 секундқа қосылады. Мамандар облыс тұрғындарын құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеріс жүргізеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Осыған орай облыстық ТЖД қызметкерлері халықты алаңдамай, түсіністікпен қарауға шақырады. Сондай-ақ құтқарушылар облыс аумағында төтенше жағдай болғанда электродабылдардың қосылу кезінде не істеу керектігін ескертіп отыр.

"Егер дабыл кезінде үйде болсаңыз радио және теледидарды қосыңыз, шұғыл хабарды тыңдаңыз, берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз", - деп ТЖД мамандары кеңес береді.

Ал егер дабыл кезінде далада болған жағдайда, көшедегі дауыс ұлғайтқыштармен немесе жылжымалы хабарлау құралдарымен берілетін шұғыл хабарламаны тыңдап әрекет ету қажеттігін еске салады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: