Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары заңсыз қару-жарақ сатқан

knb.gov.kz
Сотталушылар әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Алматы қаласы мен Алматы облысының 10 тұрғыны қару-жарақты заңсыз сатқаны үшін сотталды, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2019 жылдың маусым айында ҚР ҰҚК қызметкерлері атыс қаруының еліміздегі заңсыз халықаралық көзін жойды. 3 Калашников автоматы, 3 зеңбірек, 2 граната, 14 тапанша, 1700 астам оқ-дәрілер мен қару-жарақ бөлшектері заңсыз айналымнан алынды. Алматы қаласы мен Алматы облысының 10 тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында Ішкі істер органдары қызметкерінің қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қатыстылығы бар фактілер анықталды. Ресми түрде ұрланған оқ-дәрілер ҚР Ішкі істер министрлігінің балансында болған.

Сонымен қатар, қаруды қолдан құрастырып, жасайтын шеберхананың көзі жойылды.

2020 жылдың 27 қаңтарында Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен сотталушылар әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды