Шымкентте пәтерден екі әскери адамның мүрдесі табылды

iz.ru
Әскери қызметкерлердің неден қайтыс болғаны қазір анықталып жатыр.

Шымкент қаласында пәтерден екі ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды zakon.kz NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап.

24 ақпанда таңертең Түркістан көшесінде орналасқан көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен екі адамның мәйіті табылды. 1994 және 1992 жылғы қайтыс болған қос сарбаз Шымкенттегі № 556/52 әскери бөлімде қызмет еткені белгілі болды. Олар туысқан азаматтар болып шықты.

Ал мәйіт табылған пәтер жалға алынған екен.

Әскери қызметкерлердің қайтыс болу себебі қазір анықталып жатыр. Алдын ала дерек бойынша, пәтер газ пешке от қойып жылытылған.

Газ беру желісіндегі ақау салдарынан ауаға газ тараған, деп хабарлады Шымкент қалалық ТЖД.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды