Иранда коронавирус індетінен қайтыс болғандар саны 50 адамға жетті

apnews.com
Тағы 900 адамға ауру жұқтыру күдігі келтіріліп, тексеріліп жатыр.

13 ақпанда Иранда коронавирус індетінен қайтыс болғандар саны 50 адамға жетті, деп хабарлайды zakon.kz Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы 24 ақпанда Иранның төменгі палатасының депутаты Ахмад Амрабади Фарахани мәлімдеді. Оның айтуынша, оның бәрі Кума қаласында тіркелген.

Короновирустан қайтыс болу фактісі туралы алғашқы ресми хабар Кумада 19 ақпанда жариялады. Фарахани содан бері елде коронавируспен күресудің нақты әрекеттері байқалмағанын айтады.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі басшысының орынбасары Ирадж Харирчи Фараханидің мәлімдемесін жоққа шығарып, коронавирустан 12 адамның көз жұмғанын, ал бұл індет расталғандар саны 61-ге дейін өскенін, ауруға күдік келтірілгендер тағы 900 адам екенін мәлімдеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін