Боралдайда көлік дөңгелегін ұрлаған екі жігіт ұсталды

drive2.ru
Алматы қаласының тұрғыны болып шыққан екеу көліктерімен жолаушы тасымалдап жүріп, Боралдай кентінде сақтық шаралары жоқ автокөлікті көрген.

Алматы облысының полицейлері өзгенің көлігін дөңгелексіз қалдырған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іле ауданының 23 жастағы тұрғыны полицияға "Лада-2115" көлігінен белгісіз тұлғалардың төрт дөңгелегін ұрлап кеткені туралы хабарлаған.оқиға орнына шұғыл жеткен жедел-іздестіру тобы Боралдай кентіндегі көпқабатты үйлердің бірінің ауласындағы көліктен түнгі мезгілде дөңгелектердің ұрланғанын анықтаған.

Қылмысты ашуға бағытталған кеңауқымды жұмыстар барысында тәртіп сақшылары сатып алушыдан ұрланған дөңгелек табылып тәркіленді. Қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау барысында 22 жастағы дөңгелектерді сатушы табылып, оның ұрлыққа қатысы бар болып шықты. Бір сағат ішінде оның 19 жастағы қылмыстық істегі серігі де ұсталды.

Алматы қаласының тұрғыны болып шыққан екеу көліктерімен жолаушы тасымалдап жүріп, Боралдай кентінде сақтық шаралары жоқ автокөлікті көрген. Қымбат дөңгелектері мен жаңа резинасын байқағанда күдіктілер ұрлауға бел байлаған. Қолды болған дөңгелектер заңды иесіне қайтарылды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты