Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, 127 адам құтқарылды
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Алматыда Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өрт шыққан 16 қабатты тұрғын үйден 127 адамды құтқарып, эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өрт Абай даңғылы бойында, Бостандық ауданында орналасқан үйдің тоғызыншы қабатындағы пәтерде жиһаздың жануынан басталған. Оқиға орнына құтқарушылар келген. Кіреберісте қою түтін болған.
Тұрғындарды құтқару үшін жедел штаб құрылып, газ-түтіннен қорғау қызметінің бөлімдері жіберілді. Сондай-ақ өрт сөндіру автосатысы орнатылды.
Түтін басқан аймақтан баспалдақ арқылы 42 адам эвакуацияланды. Тағы 85 тұрғын, оның ішінде төрт бала, арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды.
Өрт жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат "112" қызметіне түспеген.
Бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) аумағында өрт шыққаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript