Қостанайдағы өрт кезінде 41 адам эвакуацияланды

Қостанайдағы өрт кезінде 41 адам эвакуацияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2025 13:45 Сурет: видео скрині
Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері өрт кезінде 41 адамды құтқарып, эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Қостанайда Қобыланды батыр даңғылында бес қабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтерде өрт шықты.

Оқиға туралы хабарлама 112 пультіне келіп түсті, оқиға орнына дереу өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді. ТЖМ және полиция қызметкерлерінің күшімен 15 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылып, 26 адам баспалдақпен эвакуацияланды.

"Өрт сөндіру жасақтарының жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ". Төтенше жағдайлар министрлігі

Өрттің себебі анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: