Қостанайда азық-түлік дүкеніндегі өрт шығып, көпқабатты үйдің ондаған тұрғыны эвакуацияланды

Қостанайда азық-түлік дүкеніндегі өрт шығып, көпқабатты үйдің ондаған тұрғыны эвакуацияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2025 14:18 Сурет: видео скрині
Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері өрт кезінде 25 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанайдағы Чкалов көшесінде бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкенде тоңазытқыш пен кассалық аппарат жанды. 

Өрт сөндірушілер 5 шаршы метр алаңды шарпыған жалынды сөндіріп, жоғарғы қабаттардан 25 адамды, оның ішінде жеті баланы эвакуациялады.

Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: